Енді әріптік индекстің орнына мекемелерге өздерінің жеке реттік нөмірлері берілмек.
Ағымдағы жылдың 8 тамызында Ішкі істер министрі «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің республикалық мемлекеттік мекемелерінің құрылтай құжаттарын бекіту туралы» бұйрыққа қол қойды. Осы құжатқа сәйкес, қылмыстық-атқару жүйесі бөлімшелерінің аумақтық тиесілігін білдіретін аббревиатуралар реттік нөмірлермен ауыстырылады.
Ұсталатындардың туыстары, сондай-ақ басқа да мүдделі тұлғалар колониялар мен тергеу изоляторларының атауы өзгертілген тізімімен Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ведомстволық сайтында таныса алады. https://www.gov.kz/memleket/entities/ps/press/news/details/419102?lang=ru
Еске сала кетейік, қазір елімізде 79 ҚАЖ мекемесі бар. Осылайша, Павлодар облысындағы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері келесідей аталды:
АП-162/1 мекемесі (қауіпсіздігі аралас) - №63 мекеме
АП-162/2 мекемесі (қауіпсіздігі барынша төмен) – №44 мекеме АП-162/3 мекемесі (қауіпсіздігі орташа) – №45 мекеме
АП-162/4 мекемесі (қауіпсіздігі барынша жоғары) – №46 мекеме АП-162/10 мекемесі (қауіпсіздігі барынша төмен) - №47 мекеме