Павлодар колониясындағы сотталғандар жетім балаларға батпырауық жасады.

Павлодар колониясындағы сотталғандар жетім балаларға батпырауық жасады.

 

Павлодар облысының АП-162/4 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар балалар үйінің тәрбиеленушілеріне батпырауық жасап берді.

 

– Ел Президенті 2022 жылды «Бала жылы» деп жариялады. Өңіріміздің кішкентай тұрғындарына арнап бірқатар шаралар, соның ішінде қайырымдылық  сипатты шаралар да өткіземіз. Жақында Павлодар ауданының Розовка ауылындағы балалар үйі туралы хабардар болдық. Балаларды қорғау күніне орай сотталғандарға осы балалар үшін сыйлық жасауды ұсындық. Тілек білдіргендер жауап беріп, батпырауық жасады. Қызметкерлер оларға жасау технологиясын көрсетті. Әр бала бақытты, дені сау болып өсе берсін! - деп түсіндірді мекеме басшысы Ербол Шарипов.

 

– Успен балалар үйінің осы филиалында төрт қыз, екі ұл тұрады. Бұл жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. Біз олардың бос уақытын ұйымдастыруға бар күшімізді саламыз, әсіресе қазір, жазда. Осындай керемет сыйлықтар үшін рахмет. Олар үшін бұл қызықты. – дейді балалар үйінің директоры Аманжол Жумабеков.

 

Айтпақшы, бұл Павлодар облысының қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің балаларға арнап өткізіп отырған бірінші шарасы емес.