Оған 20-ға жуық сотталған қатысты, олар командаларға бөлінді.
Павлодар облысы бойынша ҚАЖД АП-162/4 мекемесінде «Көңілді старт-2022» шарасы өтті. Сотталғандар режимді обьектінің аумағында веложарыста сайысты. Қатысушылар командаларға бөлінді. Бастауға барлығы 20-ға жуық сотталған шықты.
- Біз сотталғандардың салауатты өмір салтын ұстанғанын қалаймыз, бұл олардың түзелуіне, психологиялық ахуалының жақсаруына ықпал етеді. Мұндай жарыстарды колония аумағында жыл сайын өткізіп тұрамыз, – дейді АП-162/4 мекемесі бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, әділет подполковнигі Болатбек Тұмарбекұлы.
Қатысушылар арасында велосипед меңгерігіне алғаш отырғандар да болды. Жеңімпаздарға басқарма атынан тәтті сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.
– Осындай іс-шараларды өткізіп жатқан мекеме басшылығына көп рахмет. Біздің мекемеде спортпен айналысқысы келетіндер көп. Колонияда спорт клубы бар, онда жаттығу залы мен теннис үстелі бар, - деп түсіндірді сотталған Андрей.
Айтпақшы, шараға арналған велосипедтерді Павлодар облысының туризм және спортты дамыту басқармасы ұсынды. Бұл мекемеде 600-ден астам сотталған жазасын өтеуде.