
l
9 көрме залы бар заманауи екі қабатты мұражай Ертіс өзені жағалауында орналасқан. Мұражайға келген әр келушіні айбынды да алып мамонт қарсы алып, оларды бірден Ертістің Кереку өңірінің жабайы дәуіріне алып кетеді. Мұнда келушілерге тарих, геология, археология, ежелгі және ортағасырлық тарих бойынша қосымша білім алуға көмектесетін біздің өңірден табылған түрлі экспонаттар бар.
Мұражай өте қызықты заманауи мультимедиялық технологиялармен: real-book кітабы, иақпараттық touch-тақтасы және заманауи қондырғылармен жабдықталған. Біздің қызметкерлер Павлодар облысы дамуының әртүрлі кезеңдерімен танысты. Сонымен қатар аймағымыздың Қаныш Сатпаев, Әлкей Марғұлан сында әйгілі азаматтарының жеке заттары қойылған көрме залы да бар.
Көрмеде ұсынылған ең көне жәдігерлер, бір кездері мәскеулік ғалымдар алып кеткен және бүгінгі күнде Отанға қайтарылған: үлкен мүйізді бұғы мен бизонның қаңқаларының жасы 10 мың жылға жуық.
Мұражай әсіресе өзге өңірден келген қызметкерлер үшін өте қызықты болды. Сондай-ақ, қызметкерлер өздерінің балаларын ертіп барды. Олар мультимедиалық техниканының арқасында тарихтың турлі кезеңдеріне саяхат жасай алды.