Павлодар облысы бойынша АП-162/2 қауыпты төмен мекемесінде сотталғандар арасында Наурыз мейрамы ерекше түрде ұйымдастырылды.
- Ер сотталғандар арасында садақпен ату жарысы өткізілді.Бұл шараны Павлодар облысы бойынша Қазақтың ұлттық спорт түрлері федерациясы өткізуге қол үшін берді, яғни жарысқа қажетті барлық заттармен қамтамасыз етіп, төрелік өткізді. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, сыйлықтар табыс етілді- деп өз сөзінде мекеме бастығының міндетін атқарушы әділет полковнигі С.Абыкенов түсіндіріп берді.
-Сотталған әйелдер өз қолымен тігілген ұлттық киімдерден сән көрсетілім өткізіп, домбырамен ән шырқап берді.
Жалпы бәсекеге 14 ер және 1 әйел сотталғандар қатысқан. Көктемнің басты мерекесін тойлауға облыстың барлық мекемелерінде : Тоғыз құмалақ, арқан тартыс,қол күресі шаралары және ең бастысы мерекелік мәзір ұйымдастырылған.