Павлодарда 100 мың теңгелік серификатын ҚАЖ-дың сұлу қызметкері еншіледі.

Павлодарда 100 мың теңгелік серификатын ҚАЖ-дың сұлу қызметкері еншіледі.

«ҚАЖ Аруы - 2022» байқауы Павлодар облысының қылмыстық –атқару жүйесінің  қызметкерлері арасында өткізілді. Ең үзік атағына ие болу  үшін алты үміткер бақ сынасты. Бірнеше кезеңнен тұратын сайыста қыздар бар өнерлері мен қабылеттерін көрсетуге тырысты.   Оның ішінде қаруды шебер қолдана алу және мергендік шеберліктерін көрсету, ән айту мен би билеу арқылы   бойындағы дарынды талантын көрермендерге паш етті.  Сондай-ақ, сайыстың үй тапсырмасы бойынша араулар өздері жасаған аспаздық тағамдарынан төрешілерге дәм таттырды.

 -Аталмыш сайыс бұрын жыл сайын өткізілетін, бірақ карантиндік шараларға байланысты жарыс тоқтатылып қалды.  Әділ және бейтарап төрелік үшін қазылар алқасының құрамында азаматтық сектордан келген қонақтар төрешілік етті. Мұндай іс-шаралар қатысушылардың өз қабылеттерін бейресми жағдайда ашып көрсетуге көмектеседі, әрі ұжымның ауыз біршілігін және өзара көмек көрсетулерін ынталандырады. Әр сайыскерге өзі қызмет жасап жатқан мекемеден әріптестері келіп, қолдау көрсетті, - деп түсіндірді ҚАЖ департаменті басшысының орынбасары Даулет Искаков.

Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені жеңіп алып, 100 мың теңгелік сертификатты АП-162/1 мекемесінің әділет кіші сержанты Жанабаева Қымбат Қайратовна еншіледі.

Сайысқа қатысушы арулар да ақшалы 20 және 30 мың теңгелік сертификатарға ие болды.