l
«АП-162/1 мекемесінің» қызметкерлері №31 бала бақша тәрбиенушілеріне құстарға арнап жемсау мен жемістер сыйлады.
-Ел Президенті Жарлығымен биылғы 2022 жыл - Балалар жылы деп белгіленді. Мекеме ұжымы бүлдіршіндерге аз да болса қуаныш сыйлауды шешті. Сотталғандар бірнеше жемсау жасап, оларды біркелкі ашық тустермен бояп дайындау себебі, сәбилерді сол мұқабаларға өз суретерін салып, оларды да ұжымдық жұмысқа қатыстыру болды. Сондай-ақ, суық тию мезгілі өршіп тұрғандықтан әр балаға алма алдық. Мұндай кішкентай тосын сыйлар арқылы балалардың жүзіне күлкі сыйлау біздер үшін де үлкен қуаныш, - деп түйіндеді мекеме басшысының орынбасыры Берік Рахимов.
Айта кететін жайт, жемсаулар қолда бар таза материалдардан жасалған. Сонымен қатар, бұл осы бағыттағы жалғыз іс шара емес. Жоспар бойынша мекеме басшылығы аталмыш Жарлықты басшылыққа ала отырып, павлодарлық балалар үшін бір қатар іс тындырмақ.