Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы жедел кеңес өткізіп, онда барлық бөлімшелер қызметінің қорытындылары жарияланды. Сондай-ақ АП-162/1 мекемесінің қызметкері Ержан Ахметов қыз баланы құтқаруы үшін президенттің «Халық алғысы» медалімен марапатталды. Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың жазында Ержан Ахметов отбасымен қыдырып жүргенде баланың жылаған дауысын естіген болатын. Үйге жақындай бергенде, бір қыздың терезеде тұрып жылап тұрғанын көрді. Баланың анасы мен әжесі дүкенге кеткенде, қыз есікті іштен жауып тастаған. Ержан балконға шығып, есікті ашты.
– Біздің қатарымызда лайықты қызметкерлердің қызмет ететінін мақтан тұтамыз. Сіз бөтен адамның мәселесіне батылдық, бауырмалдық және немқұрайлылық таныттыңыз. Медаль жай ғана марапат емес, бұл сіздің ерлігіңізге көрсетілген құрмет. Сізге табыс пен зор денсаулық тілеймін! – деді өз сөзінде Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Әділет Мұстафинов.
Сонымен қатар, қорытынды жиында департамент бастығының орынбасарлары, өзіндік қауіпсіздік тобының өкілдері тыңдалды.