Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу аясында Қылмыстық-атқару жүйесі, «Еңбек» РМК қызметкерлері және Павлодар қаласы әкімдігі Игі істер марафонын қолдады.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу аясында Қылмыстық-атқару жүйесі, «Еңбек» РМК қызметкерлері және Павлодар қаласы әкімдігі Игі істер марафонын қолдады.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясындағы ауқымды шараларды іс жүзінде бастайтын Игі істер марафоны Волонтерлер жылының ресми жабылуында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен өтті.

-Марафон аясында балаларға арналған орындықтар, сөрелер мен стеллаждар, ағаштан ұлттық бұйымдар жасауға қажетті материалдар сатып алынды. Біз сондай-ақ балалар мойынорағыштары мен  бас киімдерінің жиынтығына арналған мата сатып алдық. Барлық бұйымдар АП-162/3 мекемесінде сотталғандардың қолымен жасалған. Тәуелсіздікті тойлауға арналған салтанатты шаралардың орнына, еліміздің келешек ұрпағы үшін осы игі істерді жасауды жөн көрдік. – деп түсіндірді ҚАЖД бастығы, әділет полковнигі Әділет Мұстафинов.

-Балаларға арналған сәкілер, ұлттық үстел орындықтары, екі балалар домбырасы қаладағы балабақшаларға берілді. «Алтын бата» оңалту балалар орталығына ойыншықтарға арналған сөрелер, Монтессори әдісі бойынша дамытатын ойыншықтар (бизиборд) берілді. Сондай-ақ,  Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне 30 дана балалар бас киімдері мен мойынорағыштары, сондай-ақ  бөлме тәпішкелері берілді.- деп қосты ҚАЖД.

«Алтын бата» оңалту орталығы аутизммен ауыратын балалармен жұмыс істейді. Орталыққа 80-ге жуық бала барады.

– Біздің орталыққа аутизм, Даун синдромы, психикалық ауытқулары бар балалар келеді. Біз балалар мен ата-аналарға жан-жақты көмек көрсетеміз», - дейді қор басшысы Евгения Александровна Стельвага.

Балаларға сыйлық жасаған сотталғандар үшін балалар жақсы тілектер мен алғыс сөздер жазылған ашық хаттар дайындады.

Қазақстанның тәуелсіздігі – мемлекетіміз еңбек сіңіріп, қастерлеп келе жатқан құндылық. Мейірімділік, қайырымдылық, жанашырлық - адамның маңызды қасиеттері. Дәл осы рухани құндылықтар табысты дамып келе жатқан мемлекеттің негізінде жатыр. Еліміздің мерейтойы қызметкерлер мен балалардың жадында игі істерімен қалсын.