Павлодар каласының тергеу изоляторында «Арнайы контингент арасындағы өзіне өзі қол жұмсаудың (суицидтің) алдын алу тақырыбына арналған дөңгелек үстел өткізілді.

Павлодар каласының тергеу изоляторында «Арнайы контингент арасындағы өзіне өзі қол жұмсаудың  (суицидтің) алдын алу тақырыбына арналған дөңгелек үстел өткізілді.

«АП-162/1мекемесінде» өзара әрекеттесуді нығайту мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырылып,  оған облыстық психоневралогиялық диспансер маманы,  дәрігер психиатр Талғат Бегельдинов,  Республикалық Психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының психотерапия мен оңалту бөлімшесінің меңгерушісі Шайзат Тлеубаева және мекеме қызметкерлері қатысты. 

Мұнда қызметкерлердің медициналық мәжбүрлеу шаралары белгіленбеген айқын аутодеструктивті галлюцинациялары бар психикалық ауытқулары бар адамдармен жұмысына қатысты мәселелер талқыланды.  Талғат Бегельдинов суйцидтік мінез-құлықтың қауіп факторларын: олардың себептері мен түрлерін,  мысалы,  медициналық:  психо/соматикалық ауытқу,  өмірбаяндық: суйцидтік әрекеттердің бұрын да орын алған жағдайлары,  биологиялық туыстарындағы,  сонымен қатар «маңызды адамдар» арасындағы суйцидтік мінещ-құлықты ескеруді тілге тиек етті.  Шайзат Тлеубаева өз алдына суйцидтік қауіп факторларының талдауын және мінез-құлық,  эмоционалдық және мінезді,  эмоционалдық және коммуникативті,  когнитивті болып табылатын адамның психикалық жағдайын және суйцидтік ниеттерін клиникалық бағалау көрсеткіштерінің индикаторларынкеңірек ашып берді.  Аутоагресияға бейім тұлғаларды аныұтап,  алдын алуда психологтың мекеменің басқа қызметтерімен тұрақты әрекеттесуі маңызды орын алады. 

Жиынға қатысушылар тарапынан мекеме қызметкерлермен жүргізілетін алдын алу жұмыстардың тиімділігін арттыру және қызметті жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізілді.  Ол үшін аутоагрессия әрекеттерін жасаған тұлғалардың,  ең алдымен олардың әлеуметтік-демократиялық,  пенитенциарлықжәне криминологиялық,  қылмыстық-құқықтық сипаттағы ерекшеліктерін білу маңызды.  Бұл осындай әрекет жасауға мүмкіндік жоғары соталғандар мен қамауға алынғандарды анықтап,  жеке әрі топтық алдын алу  жұмыстарын сапалы жүргізу үшін аса қажет. 

Мұндай бас қосулар тергеу изоляторының қызметкерлерінің теориялық білімін нығайтуға көмектеседі, себебі,  мекеме психологтары күнделікті жұмысында оқшауланған адамдармен бетпе бет келеді.