Ынтасы болса, бәрі мүмкін – колонияда жазасын өтеп жатқан сотталғандар бизнесін қалай дамытады

Ынтасы болса, бәрі мүмкін – колонияда жазасын өтеп жатқан сотталғандар бизнесін қалай дамытады

l

37 жастағы Жанерке Павлодар облысының АП-162/2 мекемесінде жазасын өтеп жатыр. Ол мұнда астаналық колониядан келген.

– Жеке кәсіп ашу идеясы бұрыннан бар еді, әйеліммен ақылдасып, колония қызметкерлерімен осының барлығын жүзеге асыру қаншалықты шынайы екенін сұрадым. Әрине, мекеме жағдайында белгілі бір қиындықтар бар, бірақ қаласаңыз, қолыңыздан бәрі келеді, - дейді тұтқын.

Ол өз ісін кеңсе жалдап, клиенттер іздеуден бастаған. Жанерке ет сатып ала бастады. Қазір оның «өз тұтынушылары» мен жеткізушілері бар.

– ЖК тіркелгеннен кейін біз оған басқа сотталғандарды жұмысқа алуды ұсындық, қазір бес сотталған ЖК-де жұмыс істейді. Олардың қала шегінде кеңсесі бар, мекеме қызметкерлері оларды бақылау үшін  барады. Қоныс колонияда бұл қалыпты тәжірибе. Сонымен қатар, жұмысқа орналасу сотталғандарға еңбекақы алуға, зейнетақы жарналарын және міндетті медициналық сақтандыруды жинақтауға, атқару парақтары бойынша қарыздарын өтеуге мүмкіндік береді. – деп түсіндірді мекеме бастығы Мұхтар Сейтахметов.

Олардың жұмыс күні таңғы сағат 9-да басталады, мекеме қабырғасынан шығып, кеңсеге барғанда, күндіз қалада жұмыс істейді, бірақ кешкі сағат 18-ге қарай колонияға қайтады. Жексенбі демалыс күні.

-Әрине, менің жай кәсіпкер емес, сотталған адам екенімді ұмытпайтын сәттер болады. Мысалы, мен бостандықтағы бәсекелестерім сияқты таңертең барып ет сатып ала алмаймын. Өйткені, мен таңғы 9-да шыға аламын. Бірақ мен акциялар мен жеңілдіктер жасауға тырысамын. Сондай-ақ, смартфонды пайдалануға тыйым салынады, бұл менің жұмысымды айтарлықтай қиындатады. Мысалы, қазір біз ет жеткізуді ұйымдастырдық, мен көп мөлшерде сатып алғандарға, фаршты сыйлыққа беремін. Зейнеткерлер мен көтерме сатып алушылар үшін, мысалы, кафе немесе еске алу кеші үшін мен жеңілдіктер жасаймын. Бұл мені өмір сүруге, ақша тауып, отбасыма жіберуге мүмкіндік береді. Үйде әйелім мен төрт балам күтіп отыр,-дейді Жанерке.

Бостандыққа шыққаннан кейін кәсіппен айналысып, оны кеңейтуді жоспарлап отыр. Мерзімі біткенше оның бір жарым жыл уақыты бар.