ҚАЖ қызметкерлері виртуалды түрде Елбасы мұражайына барып қайтты.

ҚАЖ қызметкерлері виртуалды түрде Елбасы мұражайына барып қайтты.

АП-162/2 мекемесінде жеке құрам үшін Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан Елбасы мұражайына экскурсия ұйымдастырылды.
Қызметкерлер мұражайдағы жәдігерлерді көріп қана қоймай, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.
– Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығында еліміздің қалыптасу жолын есте сақтау өте маңызды, өйткені оның бастауында Елбасы тұрды, көптеген қызметкерлер сол кезде біздің Президенттің өткен жұмыс күндерінің бір бөлігі, қоршаған заттар мен нысандарды өз көздерімен көруге қызығушылық танытты. – дейді мекеме қызметкері Гүлмира Егізбаева.
– Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығында біз жеке құрамның патриоттық сезімін оятуға және тәрбиелеуге бағытталған бірқатар іс-шараларды өткізіп жатырмыз. Мұражай қызметкерлеріне ынтымақтастық үшін алғыс айтамыз. Мекеме ұжымы үшін қызықты әрі мазмұнды болды, - деп түсіндірді мекеме бастығы Мұхтар Сейтахметов.
Экскурсия барысында қызметкерлер музейдің барлық залдарын аралады.