
l
Сотталған Владислав 28 жаста, ол кісі өлтіргені үшін жазасын өтеп жатыр. Анасы инфаркттан, ал әкесі токқа түскеннен қайтыс болды. Сөйтіп, бес жасында балалар үйіне түседі. Кәмелетке толғаннан кейін ол дәнекерлеуші ге оқып, жұмыс істеді, пәтер жалдады. 2014 жылы Владислав Аннамен кездесті, жұп болып, олар бірге тұра бастады. Көп ұзамай олар баланың туатыны туралы білді.
-Аннаның жүкті болуынақатты қуандым, оған жемістер сатып алып, күтім жасадым. - дейді сотталған. Бір жыл үйленгеннен кейін Аннаның анасы оларға үй жұмысына көмектесу үшін Ақсуға көшіп олармен бірге тұруды сұрады, жұбайлар келісті.
-Біз біраз бірге тұрғаннан кейін түсініспеушіліктер мен жанжалдар басталды, мен Павлодарға кетуді талап еттім, бірақ Аня анасымен қалғысы келді. Мен Павлодарға оралдым, жұмыс жасадым, демалыс күндері біз Анямен кездестік. 2017 жылы мас күйімде қылмыс жасадым. Мен істегеніме өкінемін, маған не болғанын білмеймін ... Осылайша түрмеге отырдым, - дейді Владислав.
Жігіт ТИЗО-ға қамалғаннан соң Аня ұлды босанды, оны таксофонмен сөйлескенде айтқан. Кісі өлтіргені үшін жігіт 13 жылға бас бостандығынан айырылды, енді ол АП-162/4 мекемесінде жазасын өтеп жатыр. Дәл осы жерге Аня 2018 жылы қысқа мерзімді кездесуге ұлымен бірге келді. Ол кезде ұлы Миша бір жаста болды. Кездесуде Аня анасының олардың қарым-қатынастарына мүлде қарсы екенін айтты.
- Мен оны түсінемін, кім өз өмірін сотталғанмен байланыстырғысы келеді, ол - ана, қызына бар жақсылықты қалайды. Бірақ мен әйелімді және ұлымды қатты сағындым. - дейді Владислав.
Сотталған заңды әкесі болғандықтан, ұлын іздеу үшін мекеме әкімшілігіне жүгінді.
-Әлеуметтік байланысты сақтау үшін біз мемлекеттік ұйымдармен жұмыс жасаймыз. Телефон нөмірлерін немесе тұрғылықты жерін ауыстырған туыстары жақындарының бас бостандығынан айыру орындарында екенін білмеуі де орын алады. Әрине, кейбіреулер байланыста болғысы келмейді және қарым-қатынасты тоқтатады. Ал біреулер қолдау көрсетеді, кездесуге келіп жүреді, хат жазады. Бұл жағдайда біз баланы табу үшін сұрау жібердік және баланың анасы ата-ана құқығынан айырылғанын , ал Мишаның өзі отбасылық үлгідегі балалар үйінде тұратынын анықтадық,-деп түсіндірді АП-162/4 мекемесі бастығының орынбасары Болатбек Түсіпбаев .
Мишаның қайда екені анықталған соң, балалар үйінің басшылығы оның сотталғанмен бейне байланыс арқылы көрісуге келісті.
«Әке, мені қашан алып кетесін?» - бұл баланың алғашқы сөздері. Ол әкесін білетіні белгілі болды.
-Миша біздің балалар үйіне 2020 жылы анасы ата -ана құқығынан айырылғаннан кейін келді. Миша әкесі бар екенін айтты. Бірақ ол қайда екенін білмейді. Анасы баласына сирек келеді. Алайда әжесі келіп жүреді, бала оны жақсы көреді және күтеді, - дейді балалар үйінің басшысы.
Белгілі болғандай, Мишаның әжесі шетелге көшіп кеткен, Аня Қазақстанда ұлымен қалды және азғын өмір сүрді, соған байланысты бала балалар үйіне түсті. Әжесі оны өзімен бірге ала алмайды, өйткені ол оның қамқоршысы емес.
Бейне әңгіме кезінде Миша балалар үйінде достары көп екенін, доп ойнағанды жақсы көретінін және жақсы тамақтанатынын айтты.
Владиславпен мекеменің психологтары үнемі жұмыс жасайды, мекеме психологтарының айтуынша, сотталған жақсылыққа үміттенеді, бостандыққа шығып, ұлымен бірге тұруды жоспарлап отыр.