l
Павлодар облысы қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің балалары арасында патриоттық тақырыпта өлең оқу мен ән айту байқауы өтті. Байқауға АП-162/1, АП-162/2, АП-162/3, АП-162/4, АП-162/10 мекемелері, пробация қызметтері мен Департамент қызметкерлерінің 35 балалары қатысты.
- Конституция күнін тойлау қарсаңында және Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу аясында осындай байқау ұйымдастырылды. Балалардың барлығы да дарынды, әдемі және ақылды, сондықтан оларды бағалау мүмкін болмай, жеңімпаздарды кездейсоқ сандар генераторы анықтайды деп шештік. Жеке құрам арасында отбасылық құндылықтарды насихаттау - кадрлық жұмыстың негізгі бағыттарының бірі. Өйткені, қызметкерлер үйге күн сайын балалар мен отбасы үшін келеді. - деп түсіндірді Департамент бастығы Адлет Мұстафинов.
Өлеңдер мен әндер орындалатын бейнеклиптер @duis_pavlodar ресми аккаунтында орналастырылды. Барлығы жеті жеңімпаз анықталды. ҚАЖД-нің бірінші басшысы олардың әрқайсысына балалар дүкеніне 15 мың теңгеге сертификат пен мадақтама табыс етті.
- Біз бүгін сертификат пен бағалы сыйлыққа ие болдық. Балам сондай бақытты, түні бойы ұйықтамай, марапаттауға дайындалды. Мен мекеме мен Департамент басшылығына ризамын, осылайша олар бізді балаларға жақындатады, өйткені біз көп уақытымызды жұмыста өткіземіз. - дейді АП-162/1 мекемесінің қызметкері Қарлығаш Ахметова.
Айтпақшы, бұл жүйе қызметкерлерінің балалары арасында өткізілетін бірінші байқау емес. Балаларды қорғау күнін де мерекелеуге орай конкурс ұйымдастырылды, нәтижесінде жеңімпаздарға 30 мың теңгеге сертификаттар табысталды.