Қазақстан-Ресей-Германия-сотталған әпкелерін көрді.

Қазақстан-Ресей-Германия-сотталған әпкелерін көрді.

l

АП-162/4 мекемесінде жазасын өтеп жүрген сотталған мекеме әкімшілігіне ерекше өтінішпен жүгінді. Анықталғандай, бір әпкесі Ресей Федерациясының Тюмень қаласында, екіншісі - Павлодар облысының аудандық орталығында, үшіншісі - Германияның Ulm қаласында тұрады.

Әрқайсысы отбасы құрып, әлемнің түрлі шеттеріне кетті, дегенмен бір -бірімен байланыс ұстап тұрады.

- Біз сотталғанның әпкелерімен хабарласып, інілерімен бейне байланыс арқылы хабарласып көрісуге қарсы еместігін сұрадық, бұл ұсынысқа олар қуана келісті. Осылай Россия, Германия және аймақтың аудандық орталығымен байланыс ұйымдастырылды. Сөйлесудің алғашқы минуттары әпкелері тек жылады, көріскендерінен көп уақыт өтті, - деп түсіндірді мекеменің қызметкері Бауыржан Исабаев.

Сотталғанның өзі бас бостандығынан айыру орындарына келгеннен бері  мезгіл -мезгіл әпкелеріне қоңырау шалып, сирек хабарласып тұратынын айтты.

- Шын айтсам, мен ұялдым... Әпкелерімнің жалғыз інісі болып, түрмеде отырып, көмек бере алмай, бостандықта олардың жандарында бола алмай жүргенім мен үшін ұят. Мен үлкен қателік жібердім, бұл үшін жазамды өтеп жүрмін. Колонияға келгенде алғашқы кезде мен қарсылық білдірдім, мойындамадым ... бірақ енді мен бәрі өз кінәм екенін түсіндім. Бүгін мен әпкелерімді көрдім, олар менен бет бұрмағандарына өте қуаныштымын. Мен осында келген уақыттан бері олар маған сәлемдемелер жіберіп отырады, мен оларға өте ризамын. Енді менде үмітім, ынтам, болашағым бар. Мен жиендерімді көрдім, олар өсіп қалыпты ... - дейді Василий.

- Әлеуметтік байланыстарын сақтау сотталғанның қайта тәрбиеленуінде, бостандыққа оралуға ұмтылуында шешуші рөл атқарады. Сотталғандардың некеге тұруы сирек емес, бұл оларға заңдылықты ұстанатын өмір салтын жүргізуге ынталандырады. Пандемия жағдайында бейне байланыс сотталғандардың жанұяларымен және жақындарымен байланыста болудың тамаша мүмкіндігіне айналды. - деп түсіндірді мекеме бастығы Ержан Шалғынбаев.

Айтпақшы, сотталған адам өлтіргені үшін жазасын өтеп жатыр. Мерзімі аяқталғанға дейін ол әлі бес жыл бар.