АП-162/2 қауіпсіздігі орташа мекемесін қоныс колониясына қайта бейіндейді.

АП-162/2 қауіпсіздігі орташа мекемесін қоныс колониясына қайта бейіндейді.

l

Сотталғандарды ұстау жағдайларын жетілдіру мен жақсарту, сондай-ақ жазаларды орындау сапасын жоғарлату мақсатында, ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетімен АП-162/2 қауіпсіздігі орташа мекемесін қауіпсіздігі барынша төмен мекемеге (қоныс колониясына) қайта бейіндеуге қатысты бірқатар іс-шаралар өткізілуде.

Осы мекемеде жазасын өтеп жүрген сотталғандар Павлодар қаласының шетінде орналасқан тиісті ұстау режиміндегі (АП-162/3) колонияға ауыстырылды.

Атап айтқанда, қазіргі уақытқа шейін Павлодар облысында ашық түріндегі бір мекеме – АП-162/10 мекемесі жұмыс істеді, бұл Павлодар қаласынан 180 шақырым жерде орналасқан. Сотталғандар туысқандарының ынталары мен қалауларын есепке ала отырып, ҚАЖ комитеті облыс орталығында екінші қоныс колониясын ашуды шешті.

Қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 7, 8, 9, 12 және 13-тарауларында көзделген, абайсызда жасаған, күш қолданумен байланысты емес қылмыстары үшiн сотталғандар; қылмыспен келтірілген залалды толық өтеген жағдайда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 15-тарауында көзделген қылмыстар үшін сотталған; қасақана қылмыс жасағаны үшiн екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталғандар жазасын өтейтінін еске саламыз.