
Бұл іс-шара жұмыс берушілер мен ізденушілер үшін қолайлы. Біріншілер өз бос жұмыс орындарына қызметшілерді іріктеп алуға, ал екіншілер – кәсіпорындарға бармай, ынталандырған жұмыс орны туралы, жұмыс шарттары мен еңбек ақысы жөнінде толық ақпарат алуға мүмкіндік береді.
500-ден астам бос қызмет орнын ұсынған 19 ұйым қатысты.
Бұл іс-шараға тұрақты жұмыс орны жоқ, сондай-ақ мамандық алу мен кәсіби оқыту курстарынан өтуге қалайтын Павлодар қаласы пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар шақырылды.
Солай, бас бостандығы шектеуге сотталған Г.-ға Жедел-күзетке жүргізуші болып жұмысқа орналасу ұсынылды, бұл жұмыстан ол бас тартпай, жолдама алды.
Бос қызмет орындарының жәрмеңкесі Павлодар қаласы пробация қызметі мен Халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы әрекеттесуде маңызды рөл атқарады. Себебі сотталғанның түзелуінде оны еңбекке тарту зор мәнді болып табылады, сондықтан пробация қызметінің негізгі тапсырмасы – сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету. Бұл жұмыспен қамтылмаған есепте тұрған тұлғалардың мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Жыл басынан барлығы 85 сотталған жіберілді.