
АП-162/3 мекемесінде түлектерге арнайы орта білім туралы дипломдарын салтанатты табыстау өтті. Кәсіби оқыту – сотталғандарды қайта әлеуметтендірудің, оларды бостандықтағы өмір мен еңбекке дайындаудың маңызды аспектілерінің бірі болып табылады. Жыл сайын мекемеде 70 сотталғанға жуық білім алады. Сотталған студенттер келесі мамандықтар бойынша жұмыс кәсіп алады: «Токарлық іс және металл өңдеу» (түрлері бойынша), «Ұста, машиналар мен өнеркәсіп жабдықтарын пайдалану», «Жиһаз өңдіру» (түрлері бойынша).
«Бүгінгі күн – біздің оқу орнымыздың тарихында ерекше мәні бар күндердің бірі – колледж қабырғаларынан тағы да бір мамандар түлектері жырақ кетеді. Біз, оқытушылар үшін – бұл өзіміздің білім, тәжірибе, икемімізді беріп, сендермен бірге сүрген өміріміздің бөлшегі», - деп бастады колледж директоры – Хайрулла Мусин.
Колония бастығының орынбасары әділет подполковнигі Айбек Уреспаев оқытушылар мен түлектерге құттықтау сөзін айтты: «Әкімшілік пен өз басымнан ұстаздарға еңбктері мен төзімділіктері үшін алғыс айтамын, сендер оқушыларға білім ғана бермей, өз тәжірибелеріңіз және икемдеріңізбен бөлісесіз, өмірдің негізгі ережелерін үйретесіз, - деп ол құттықтау сөзінде атап өтті.
Енді дипломды маман болған сотталғандар өз кезегінде осы сәттің маңыздылығы мен ерекшелігін баса айтып, ештеңеге қарамастан сапалы білім бергендері үшін ұстаздарына алғыстарын білдірді.
«Колонияда білім алу мүмкіндігіне мен өте қуаныштымын. Уақытты кері қайтарса, барлығы басқаша болушы еді. Мен бостандыққа шыққанда, жұмысқа орналасқым келеді, өз өмірімді өзгертуді қалаймын. Бұл үшін менің мүмкіншілігім көбейді, бүгінде қолымда маман дипломы бар. Осы ортаға қайтып келуді қаламаймын, жұмыс істеп, табыс табуды тілеймін...» деп айтты сотталған Константин.
Бұл күні 65 жуық сотталған арнайы орта білім туралы диплом алды. Мамандықтар бойынша: «Токарлық іс және металл өңдеу» (түрлері бойынша) – 23 сотталған, «Ұста, машиналар мен өнеркәсіп жабдықтарын пайдалану» - 20 сотталған, «Жиһаз өңдіру» (түрлері бойынша) – 22 сотталған.