Пробация қызметкерлері аяғынан айырылған сотталған үшін қан тапсырды

Пробация қызметкерлері аяғынан айырылған сотталған үшін қан тапсырды

Пробация қызметінің есебіндегі сотталған цехта жұмыс істеп жатып, жазатайым оқиға салдарынан абайсызда аяғы шнекке оралып, ауыр жарақат алды. Ауруханада болған кезде сотталған пробация инспекторына қоңырау шалып, болған жағдайы туралы хабарлап және сол аяғының бір бөлігі кесілгендіктен оған қан тапсыруды өтінді.

Көмек көрсету үшін пробация қызметкерлері Железі ауданынан Павлодарға келіп, сотталған адамға бір литрден астам қан тапсырды.

«Пробация инспекторлары есепке алынғандардың мінез-құлқын бақылаумен ғана айналысып қоймай, олардың қоғамға әлеуметтік бейімделуі үшін барлық күш-жігерін жұмсайды. Сонымен қатар, қызметкерлер қиын өмірлік жағдайлар туындаған кезде есепке алынған сотталғандарға көмектесуге тырысады. Қазір бұл сотталған адамға психологиялық көмек және дәрі-дәрмек сатып алуға жәрдем берілуде. Сонымен қатар, біз оған мүгедектікке құжаттар жинауға көмектесеміз», - деді Железі аудандық пробация қызметінің инспекторы Айбек Айтчанов.

19 жастағы сотталғанның мерзімінің аяталуына үш жылдан астам уақыт қалды