Пробация қызметі мен прокуратура бірлесіп психологиялық көмек көрсетті

Пробация қызметі мен прокуратура бірлесіп психологиялық көмек көрсетті

Павлодар қаласының пробация қызметі Павлодар қаласының прокуратурасымен бірлесіп «Павлодар қаласының Отбасын қолдау орталығы» КММ-де болды. Іс-шара барысында пробация қызметінің есебінде тұрған кәмелетке толмағандарға білікті психолог психологиялық көмек көрсетті.

Кездесу қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандарға психологиялық қолдау көрсетуді жалғастыру мақсатында алдағы консультациялар мен өзге де іс-шараларды қамтитын жұмыс жоспары әзірленді.