
Павлодар облысының Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшылығының бастамасымен санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау тобы Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын тұлғалар арасында өлім-жітімді азайту, ауруларды ерте анықтау және асқынулардың алдын алуға бағытталған жұмыс кеңесін өткізді.
Іс-шараға Денсаулық сақтау басқармасының, Павлодар облысының Полиция департаменті Тергеу басқармасының, Қазақстанның Халықаралық адам құқықтары және заңдылықты сақтау бюросының Павлодар филиалының, сондай-ақ Қоғамдық бақылау комиссиясының өкілдері қатысты.
Кеңес аясында жұмыс тобы тұрақты медициналық бақылауды қажет ететін 10 сотталған адамды қабылдады.