Павлодар облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында қылмыстық-атқару жүйесінің өзекті мәселелеріне арналған дөңгелек үстел отырысы өтті.
Кездесудің негізгі бағыты — сотталғандардың еңбекпен қамтылуын дамыту және кәсіпкерлік қауымдастықтың белсенді қатысуымен ҚАЖ мекемелерінің базасында өндірістерді кеңейту.
Ашық диалог нақты шешімдер қабылдауға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және мемлекет пен бизнес арасындағы тиімді әріптестікті нығайтуға мүмкіндік береді.
Еңбек — әлеуметтік бейімделуге және заңға бағынатын өмірге қайта оралудың маңызды қадамы.