Павлодар облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Успен ауданының пробация қызметі қызметкерлері Успен аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторларымен (УПИ ҚҚБ) бірлесіп «Қауіпсіз аула» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.
Іс-шара барысында күндізгі және түнгі уақытта Успен ауданының пробация қызметінде есепте тұрған тұлғалардың тұрғылықты мекенжайлары мен жұмыс орындары тексерілді. Сот жүктеген міндеттер мен пробациялық бақылау талаптарының сақталуына ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар есепте тұрған азаматтарға әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны, сондай-ақ қылмысты қайталап жасағаны үшін көзделген жауапкершілік түсіндірілді. Пробация қызметі тарапынан әлеуметтік-құқықтық көмек алу құқықтары және заңнамада қарастырылған қолдау шаралары туралы кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Аталған іс-шараның мақсаты — пробация қызметінде есепте тұрған тұлғалар тарапынан жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.