№47 мекемесінде сотталғандарға арналған жұмыс кездесуі өтті

№47 мекемесінде сотталғандарға арналған жұмыс кездесуі өтті

ҚР ІІМ ҚАЖК РММ «№47 мекемесінде» сотталғандарға жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында жұмыс кездесуі ұйымдастырылды. Іс-шара:
•құқықтық;
•медициналық;
•сақтандыру салалары
•сондай-ақ жұмысқа орналасу;
мәселелері жөнінде ақпарат беру үшін өткізілді.

Жұмыс кездесуіне Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Бибигүл Иманғалиева, «Amanat» партиясының депутаты Марьям Маликова, №3 емхананың бас дәрігері Тоғжан Қабылтаева, сондай-ақ мекеме әкімшілігінің өкілдері қатысты.

Кездесу барысында сотталғандар жеке қабылдауда қабылданып, шақырылған мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын тікелей қою мүмкіндігіне ие болды. Қатысушылар қолданыстағы:
🔹заңнама талаптарын;
🔹медициналық көмек алу тәртібін;
🔹міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандырудың ерекшеліктерін;
🔹 сондай-ақ босатылғаннан кейін жұмысқа орналасу және әлеуметтік бейімделу мүмкіндіктерін жан-жақты түсіндірді.

Мұндай жұмыс кездесулері сотталғандардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етуге және қоғамға табысты қайта бейімделуіне ықпал етеді.