«Заң мен Тәртіп» пен адалдық қағидаттарына берік болу

«Заң мен Тәртіп» пен адалдық қағидаттарына берік болу

№46 мекемесінде қауіпсіздік қызметі жеке құраммен «Адал полицей» және «Заң мен Тәртіп» қағидаттары аясында профилактикалық әңгіме өткізді.

Кездесу барысында қызметкерлермен заңдылықты сақтау, қызметтік әдеп, тәртіп және қызметтік міндеттерді адал әрі жауапкершілікпен орындау мәселелері талқыланды. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік тәртіп бұзушылықтарға жол бермеу және құқық қорғау органдарына деген қоғам сенімін нығайтуға ерекше назар аударылды.

Мұндай іс-шаралар қызметкерлердің құқықтық мәдениетін арттыруға, заңдылықты нығайтуға және кәсіби жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етеді.