Жаңа жыл қарсаңында №63 мекемесінде мекеме қызметкерлерінің балаларына арналған мерекелік жаңа жылдық іс-шара ұйымдастырылды. Шара барысында балалар үшін қимылды ойындар, танымдық викториналар және шығармашылық қойылымдардан тұратын мазмұнды ойын-сауық бағдарламасы дайындалды. Балалар жаңа жылдық тақпақтарын қуана оқып, мерекелік байқауларға белсенді қатысты.
Іс-шара соңында барлық қатысушыларға тәтті сыйлықтар табысталып, балаларға көтеріңкі көңіл күй мен жарқын әсер сыйлады.
№63 мекеменің басшылығы қызметкерлер мен олардың отбасыларын келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, мықты денсаулық, отбасылық амандық, тұрақтылық және жаңа жылда толағай табыстар тілейді.