Павлодар облысында сотталғандарды дерадикализациялау мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті

Павлодар облысында сотталғандарды дерадикализациялау мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті

ҚР ІІМ ҚАЖК №63 мекемесінде жедел бөлімнің теологиялық жұмысын ұйымдастыру тобының қызметкерлері «Арнайы контингентті дерадикализациялау» тақырыбында жұмыс кеңесін өткізді.

Кеңеске облыстық прокуратураның, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, «Ақниет» үкіметтік емес ұйымының және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Павлодар облысы бойынша өкілдерінің қатысуымен өтті.

Жұмыс кездесуінде сотталғандарды дерадикализациялау мәселелері, туындаған проблемаларды шешу әдістері, сондай-ақ теологиялық және діни жұмыстың өзекті аспектілері қарастырылды.

Кеңес қорытындысы бойынша қатысушылар өзекті мәселелерді талқылап, оларды шешудің мүмкін жолдарын ұсынды.