Профилактикалық әңгіме: Есірткіге қарсы заңнаманы түсіндіру

Профилактикалық әңгіме: Есірткіге қарсы заңнаманы түсіндіру

Павлодар қаласының Пробация қызметі ОФ «Антарес А» қоғамдық қорымен бірлесе отырып, «Қазақстан Республикасының есірткіге қарсы заңнамасын енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып түсіндіру» тақырыбында профилактикалық кездесу өткізді.

Іс-шараны Павлодар облыстық полиция департаментінің есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы, полиция полковнигі Ирина Темірғалиева жүргізді.

Кездесу барысында қатысушыларға қолданыстағы заңнама нормалары, есірткі заттарын сақтау, тарату және оларды қолдануға тарту бойынша жауапкершіліктің күшейтілгені түсіндірілді. Есірткіге тәуелділіктің алдын алуға, сондай-ақ денсаулық пен болашаққа саналы әрі жауапкершілікпен қараудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.

📍 Бұл бағыттағы профилактикалық жұмыс тұрақты түрде жалғасуда.