Ақсу қаласында консультативтік-кеңесші органның отырысы өтті Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек көрсету мәселелері қаралды.

Ақсу қаласында консультативтік-кеңесші органның отырысы өтті
Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек көрсету мәселелері қаралды.

Отырыста келесі мәселелер талқыланды:

1️⃣ 2025 жылы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған адамдарға арналған жұмыс орындары квотасының орындалуы.

2️⃣ Пробация қызметінің және жергілікті полиция қызметінің есептегі тұлғаларды әлеуметтендіру бойынша жұмысы.

3️⃣ Ақсу қаласының пробация қызметінің жұмысы, оның міндеттері мен ағымдағы жылғы нәтижелері.

Талқылауға «ТНК Казхром» АҚ Ақсу ферроқорытпа зауыты,«Теплосервис» ШЖҚ КМК, «Ақсу су арнасы» ШЖҚ КМК, «КХ КРОНАГРО» ЖШС, «Аксусервис» КМҚК өкілдері қатысты.

Кездесу қорытындысы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды жұмыспен қамту, әлеуметтік бейімдеу және қолдау саласындағы жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған нақты шаралар белгіленді.