Қылмыстық-атқару жүйесінің кіші және орта басшы құрамының бос лауазымдарына конкурс жариялайды

Қылмыстық-атқару жүйесінің кіші және орта басшы құрамының бос лауазымдарына конкурс жариялайды

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Павлодар облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

000014, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Павлова көшесі, 1/1 үй

Анықтама телефондары: 8(7182) 54-68-59, 8-701-650-74-06

 

қылмыстық-атқару жүйесінің кіші және орта басшы құрамының бос лауазымдарына конкурс жариялайды

 

 

 

 

1. Үй-жайы: Павлодар қ.

 

 

45 мекеме сотталғандар арасында тәрбиелік және әлеуметтік-психологиялық жұмыс жөніндегі отряд бастығы (С-SGU-11) – 4 бірлік.

 

Лауазымдық міндеттері:

 

  • Шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға, кешірім жасауға, жаза өтеудің сараланған жағдайына ауыстыруға ұсынылған сотталғандарға мінездеме дайындайды.
  • Сотталғандардың тұлғасын зерделеу мақсатында олармен жеке тәрбиелік әңгімелер жүргізеді, жаза өтеу барысындағы ниеттерін анықтап, алынған мәліметтерді ИВР күнделігіне енгізеді.
  • Сотталғандардың жеке тұлғасын жан-жақты зерттеп, тәрбиелік ықпалға бейімділігін және теріс ортаға қарсы тұру қабілетін анықтайды.

 

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары білім (құқықтану; құқық қорғау қызметі; психология; педагогика және психология; әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану; тарих; әлеуметтану; мәдениеттану; филология; әлеуметтік жұмыс; бастапқы әскери дайындық; дене шынықтыру және спорт).

Жасы: 35 жасқа дейін.

Сондай-ақ қызметті реттейтін заңдар мен нормативтік құқықтық актілерді білуі тиіс.

 

 

 

 

2. Үй-жайы: Павлодар қ.

 

 

46 мекеме жедел бөлімінің теологиялық және оңалту жұмыстарын ұйымдастыру тобының жедел уәкілі (C-SGU-13) – 1 бірлік.

 

 

3. Үй-жайы: Павлодар қ.

 

 

45 мекеме жедел бөлімінің теологиялық және оңалту жұмыстарын ұйымдастыру тобының жедел уәкілі (C-SGU-13) – 1 бірлік.

 

 

4. Үй-жайы: Павлодар қ.

 

 

63 мекеме тәртіп және күзет бөлімінің бақылаушысы (С-SV-13) – 10 бірлік.

 

 

5. Үй-жайы: Екібастұз қ.

 

 

47 мекеме бақылаушылар қызметі бөлімінің бақылаушысы (С-SV-13) – 13 бірлік.

 

Лауазымдық міндеттері:

 

  • Қорғалған аумаққа адамдардың, көліктердің және жүктердің өту тәртібін қатаң сақтауын қамтамасыз етеді және бақылап отырады.
  • Қарауыл құрамынан бөлінген тексеру тобының және бақылау-өткізу пунктіндегі қарауылдардың міндеттерін толық әрі нақты орындауын қамтамасыз етеді.
  • Қойылған режимді сақтау, сотталғандардың қашуына жол бермеу, жүктер мен көлік құралдарын қызметтік итті пайдалана отырып тексеруді ұйымдастырады.
  • Қарауылдармен, ДПНУ-мен өзара байланыс орнатады және қажет болған жағдайда күзет жоспарына сәйкес көмек көрсетеді.
  • Видеобақылау жүйесінің, рентген-телевизиялық қондырғылардың, ұялы байланысты басу жүйелерінің және бейнетіркеуіштердің жұмысын ұйымдастырады және бақылайды.
  • Электромагниттік үйлесімділікті қамтамасыз ету шараларын әзірлейді және жүзеге асырады, сондай-ақ радиоэлектрондық құралдарды пайдалану тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді.
  • Бір жынысты тұлғаларды тексереді, портативті металл детектормен тексеру жүргізеді.
  • Қызметкерлер мен өзге тұлғаларға тұрақты және уақытша рұқсатнамалар береді.

 

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Орта білім, жасы: 35 жасқа дейін.

 

 

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде.

 

Құжаттарды қабылдау орны:

Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Павлова көшесі, 1/1 үй, 204-кабинет (жеке құраммен жұмыс бөлімі).

 

Шығындар:

Конкурсқа қатысуға байланысты барлық шығындар (жол жүру, тұрғын үй жалдау, тұру, байланыс қызметтері және т.б.) үміткерлердің өз қаражаты есебінен жүргізіледі.

 

 

 

📌 Орта басшы құрам үшін: мемлекеттік тілді білуге тест және Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Құқық қорғау қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Ішкі істер органдары туралы» заңдарды, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің этикалық кодексін, Қылмыстық кодексін, Қылмыстық-процестік кодексін, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексін және қызметке байланысты басқа да нормативтік құқықтық актілерді білуге тест тапсырады.

 

📌 Кіші басшы құрам үшін (бақылаушылар): заңнаманы білуге тест тапсырмайды.