Бүгін Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаментінде өндірістік қызметті дамыту және кәсіпкерлермен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті.
🔹 ҚАЖ мекемелерінде жаңа жұмыс орындарын ашу және өндірістік нысандарды кеңейту перспективалары талқыланды.
🔹 Сотталғандарды әлеуметтік тұрғыдан бейімдеу және олардың табысты қайта қоғамға оралуы үшін шағын және орта бизнес өкілдерімен ынтымақтастықтың маңыздылығы атап өтілді.
🤝 Мемлекет пен бизнестің бірлескен жұмысы өңір экономикасын нығайтуға ғана емес, сонымен қатар адамдарды түзетіп, оларды қоғамда толыққанды өмірге қайтаруға жағдай жасауға мүмкіндік береді.