
Астанада «JUREGIMNIN JENIMPAZY» атты жүгіру марафоны өтті
Бұл спорттық әрі әлеуметтік маңызы бар іс-шара Қазақстандағы трансплантология мәселелеріне қоғам назарын аударуға және ағза ауыстыруды күтіп жүрген адамдарға моральдық қолдау көрсетуге бағытталды.
Астана қаласы және Павлодар облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің қызметкерлері жүгіруге белсене қатысып, денсаулық пен өмір үшін күресіп жүрген жандарға қолдау білдіре отырып, азаматтық ұстанымдарын көрсетті.
💙 Бұл марафон тек физикалық шыдамдылықты сынау емес, сонымен қатар донорлық мәдениетті қалыптастыру мен көмекке мұқтаж жандарды қолдаудың маңызды қадамына айналды. Қатысушылар бірлік, өзара жәрдемдесу мен адамгершілік жылу үміт сыйлай алатынын дәлелдеді.
📷 Іс-шараның шабыт сыйлаған атмосферасы, қатысушылардың күлкісі мен ортақ мақсат жолындағы ниеттері бұл оқиғаны ерекше етті.