Хабарландыру жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы

Хабарландыру

жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы

 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2025 жылғы                           26 наурыздағы № 218 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы шеңберінде (бұдан әрі – бұйрық) жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы хабарлайды.

Мақсат – қызметкерлерді жоғары тұрған басшылық лауазымдарға ұсыну бойынша таяу тоқсанға кадрлық жоспарлау.

ҚР ІІМ 2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 773 бұйрығына сәйкес,                          Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаменті номенклатурасына, сондай-ақ ҚАЖ департаменті есептік-бақылау номенклатурасына жататын лауазымдарды атқаратын қызметкерлер аумақтық бөлімшелердің басшылары тағайындауды және босатуды жүзеге асыратын басшы лауазымдарға өсуге ниет білдірген және жоспардан тыс аттестаттаудан өтуге ниет білдірген хабарландыру жарияланған сәттен бастап                    бес жұмыс күнінен кешіктірмей ҚАЖ департаменті жеке құраммен жұмыс жөніндегі бөліміне үлгіге сәйкес баянат және «Документолог» жүйесі арқылы қалыптастырылған қызметтік тізім береді.

Жоспардан тыс аттестаттауға қызметкерлер жіберілмейді:

1) басшылық лауазымдарға қойылатын ең төменгі біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін (ҚР ІІМ-нің 2020 жылғы 12 маусымдағы № 463 бұйрығы).

2) қолданыстағы тәртіптік жазалары бар;

3) оларға қатысты қызметтік не сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіліп жатқан қызметкерлер.

Сұрақтар туындаған жағдайда Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаменті тәрбие және кадр жұмысы бөліміне хабарласуға болады, анықтама телефондары                     8-718-2-54-68-59, электрондық мекен-жайлар:  b.badasheva@mvd.gov.kz

 

Ескертпе: жоспардан тыс аттестаттау нәтижелері жоспарлы аттестаттауды өткізу мерзімдеріне әсер етпейді.

 

 

Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаменті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Павлодар облысы бойынша

     ҚАЖ департаменті бастығының м.а.

     әділет полковнигі

     А. Сергазинге

     «ҚР ІІМ ҚАЖК Павлодар облысы    

     бойынша ҚАЖ департаменті» РММ

     жеке құраммен жұмыс жөніндегі   

     бөлімінің бас маманы әділет майоры  

     Бахтыгуль Бадашевна Бадашевадан

 

Баянат

 

Мені жоғары тұрған басшылық лауазымға кандидатурамды қарау үшін жоспардан тыс аттестаттау өтуге рұқсат беруіңізді сұраймын.

 

 

күні, айы, жылы ____________________

(қолы)

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
26 января 2026