Хабарландыру
жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы
Павлодар облысы бойынша ҚАЖД ІІМ-нің ағымдағы жылғы 26 наурыздағы №218 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы шеңберінде (бұдан әрі – бұйрық) жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы хабарлайды.
Мақсат – қызметкерлерді жоғары тұрған басшылық лауазымдарға ұсыну бойынша таяу тоқсанға кадрлық жоспарлау.
2022 жылғы 29 қыркүйектегі №773 ІІМ бұйрығына сәйкес лауазымдарды атқаратын қызметкерлер Министрдің, Департамент есепке алу-бақылау номенклатурасына жататын және жоспардан тыс аттестаттаудан өтуге ниет білдірген хабарландыру жарияланған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаментіне үлгіге сәйкес баянат және «Документолог» жүйесі арқылы қалыптастырылған қызметтік тізім береді.
Жоспардан тыс аттестаттауға қызметкерлер жіберілмейді:
1) басшылық лауазымдарға қойылатын ең төменгі біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін (ІІМ-нің 2020 жылғы 12 маусымдағы №463 бұйрығы).
ҚАЖД номенклатурасы үшін ең төменгі біліктілік талаптары:
- пробация қызметінің аға инспекторы C-SVR-7;
- мекеменің аға инспекторы, аға жедел уәкілі C-SGU-12;
- ҚАЖД инспекторы C-SVО-9;
- ҚАЖД аға инспекторы C-SVО-8
2) қолданыстағы тәртіптік жазалары бар;
3) оларға қатысты қызметтік не сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіледі.
Сұрақтар туындаған жағдайда Павлодар облысы бойынша ҚАЖД қызмет өткеруді ұйымдастыру басқармасына хабарласуға болады, анықтама телефондары 8 (7182) 53-59-64, электрондық мекенжайлар
Ескертпе: жоспардан тыс аттестаттау нәтижелері жоспарлы аттестаттауды өткізу мерзімдеріне әсер етпейді.
ҚР ІІМ Павлодар облысы бойынша ҚАЖД Кадр саясаты бөлімі
ҚР ІІМ ҚАЖК
Павлодар обласы бойынша
ҚАЖД бастығының м.а.
әділет полковнигі
М.Р.Шохаманов
Баянат
Мені жоғары тұрған басшылық лауазымға кандидатурамды қарау үшін жоспардан тыс аттестаттау өтуге рұқсат беруіңізді сұраймын.
____________________
(лауазымы, атағы, А.Ж.Т., қолы)