
05.07.2021 жылы Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің мемлекеттік тіл маманы Дана Достанованың ұйымдастыруымен ЗК-169/4 мекемесінде қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туған күніне орай, «Абай-дана, Абай -дара қазақта» тақырыбында іс-шара өтті. Карантин режимінің барлық талаптарын сақталып өткізілген шараға мекеменің 10-ға жуық қызметкері қатысты. Шара барысында Д.Достанова Ұлы ақынның өнегелі өміріне, шығармаларына шолу жасады. Одан соң мекеме қызметкерлері ақынның адамгершілікке баулыған, тәрбиеге негізделген қара сөздерін оқып, өлеңдерін жатқа айтты. Осылайша, Ұлы ақынның құндылығы дәріптелген шарада ақынның әндері де орындалып, «Желсіз түнде жарық ай» әні шырқалды.