ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Қызылордада жазасын өтеушілер "Таза Қазақстан" акциясына үлес қосты

Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы елімізде кең қолдау тауып келеді. Бұл бастама қоршаған ортаның тазалығын сақтаумен қатар, тұрғындардың экологиялық мәдениеті мен жауапкершілігін арттыруға бағытталған.
Аталған игі іске Қызылорда қаласындағы №37 мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтар да белсенді атсалысты. Олар өз еріктерімен мекеме маңындағы көшелерді қоқыстан тазартып, аумақты абаттандыру жұмыстарына қатысты. – "Таза Қазақстан" акциясына қатысу арқылы туған өлкеміздің көркеюіне өз үлесімізді қосуды азаматтық парызымыз деп санаймыз. Қаланың тазалығы әр адамның жеке жауапкершілігінен басталады. Барша тұрғындарды осы игі бастамаға белсенді қатысуға шақырамыз, – деді сотталған азамат. Жасақ бастығы Айғара Сұлтанның айтуынша, мұндай іс-шаралар сотталғандардың қоршаған ортаға деген ұқыпты көзқарасын қалыптастырып, олардың қоғам алдындағы жауапкершілік сезімін нығайтуға ықпал етеді.

– "Таза Қазақстан" акциясы аясында ұйымдастырылатын тазалық жұмыстары сотталғандарды қоғамдық пайдалы еңбекке баулып қана қоймай, олардың экологиялық мәдениеті мен азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға да оң әсер етеді. Осындай игі шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады, – деді Айғара Сұлтан.


Дата публикации
20 июля 2026
Дата обновления
20 июля 2026
Тип

Сейчас читают

20 июля 2026
Қызылордада жазасын өтеушілер "Таза Қазақстан" акциясына үлес қосты
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
18 февраля 2022
Медициналық қамтамасыз ету

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы