Пробация қызметкерлері жолақы билеттерін алды

Пробация қызметкерлері жолақы билеттерін алды

Пробация қызметкерлері жолақы билеттерін алды

30 жолақы билетін Қарағанды облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті пробация қызметінің қызметкерлері алды.
Облыс рталығының аумағында сотталғандарға пробациялық бақылауды Қарағанды қ. Қазыбек би және Октябрь аудандық пробация қызметтері іске асырады. Жыл сайын осы екі пробация қызметінің есебінен 2000 сотталған өтеді.
Пробация қызметі қызметкерлерінің лауазымдық міндеттеріне сотталғандарды бақылау және қадағалау, әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кіреді, бастапқы-іздеу шараларын жүргізеді, ай сайын басқа мемлекеттік органдармен салыстырулар жүргізіп отырады.
Жергілікті полиция қызметінің бөліністерімен, прокуратурамен, соттар, ҚАЖ мекемелерінің әкімшілігімен және сотталғандар оқытылатын және жұмыс істейтін Қарағанды қ. мекемелері мен ұйымдарымен өзара бірігіп қызмет атқарады.
Соған байланысты, және Қарағанды облысының прокуратурасы, Қарағанды қ. әкімінің келісімімен Қарағанды қ. автобус парктерінің басшыларымен пробация қызметінің қызметкерлерінің қоғамдық көлікте арнайы жолақы билеттерімен тегін жүріп-тұруына қол жеткізілді.

Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД