
Қарағанды облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Қарағанды қаласының әкімдігімен және Қарағанды облыстық прокуратурасымен бірлесіп пробация қызметтерінің есебінде тұрған сотталғандарды «Қоғам қарызын қайтару» жазбалы жарық түсіргіш жилеттермен олардың қоғамдық жұмыстарды атқаруы кезінде қамтамасыз ету жөнінде пилоттық жобаны іске қосты.
Аталған жобаның жаңашылдығы қоғамдық жұмыстарды орындау механизмін жетілдіру, оларға жүктелген міндеттерді сапалы орындату, қылмыстардың қайталануының алдын алу болып табылады.
Халықаралық тәжірибенің негізінде, қоғамдық жұмысты 5-6 адамнан орындайды, ал оларды арнайы жилеттермен жабдықтау өздерінің жұмысын атқаратын басқа қызметтерден айыру және жол үстінде немесе жол шетінде болған кезде, көшелерді, саяжайларды, скверлерді және басқа қоғамдық орындарды тазалауда көру мүмкіндігі төмендеген жағдайда автомобиль жолдарының бойында қоғамдық жұмыстарды орындау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатын көздейді.
Қазіргі уақытта қоғамдық жұмыстарға тартылған сотталғандарсот үкімін күнделікті ктімдерімен атқарып жүр, ал жазаны өтеу кезеңінде арнайы жилеттер беру бірінші кезекте сотталғандардың заңды сыйлау тәртібін ынталандыруға септігін тигізеді.
Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД