
Қарағанды облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері балаларды мектеп құралдарымен қамтамасыз етті.
Мектеп кезенінің басталуынан Абай ауданының пробация қызметінің қызметкерлері мен АК-159/9 мекемесінің қызметкерлері "Мектепке жол" жалпы республикалық қайырымдылық акциясын өткізу шеңберінде жаңа оқу жылына дайындықта қиын өмірлік жағдайға тап болған балалары бар отбасыларға кеңсе құралдары түрінде қолдау көрсетті.
Қарағанды қаласынан 70 шақырым жерде орналасқан "Көксу" ауылында мектеп жасындағы үш бала оқитын отбасылардың бірі үшін қашықтықтан оқуға мүмкіндік болмады, өйткені интернетке шығу мүмкіндігі жоқ еді. Осы ауылда орналасқан АК-159/9 мекемесінің қызметкерлері желісіз интернет сыйлады және оқушыларды қашықтықтан оқыту үшін шексіз интернет трафигін қостырып берді.
Төрт қыз тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана қызметкерлерге осындай қолдауы үшін алғыс айтты.
Бұл отбасыны біз бірнеше жылдан бері білеміз. Қазіргі уақытта оқыту қашықтықтан өтіп жатқандықтан біз осындай көмек көрсетуді шештік-деді АК-159/9 мекеме бастығы әділет подполковнигі Ерғазы Сартауов.
Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД