Қарағанды облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің барлық пенитенциарлық мекемелерінде оқу жылы басталды.
Жалпы орта білімі жоқ сотталғандар ҚАЖД мекемелерінде оқуларын жалғастыра алады. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес азаматтарға мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік берілген. Орта білім алу міндетті болы табылады.
Осы жылы облыс бойынша 144 сотталған партаға отырған, енізінен олар 10 және 11 сынып оқушылары. Бірақ АК-159/25 мекемесінің бір сотталғанына 6 сыныптан бастап оқуын жалғастыру мүмкіндігі берілген.
Сонымен қатар, "Covid-19" пандемиясына байланысты сотталғандар бұл жылы «Кейстік» әдіспен оқиды, бұл оқу түрі қашықтан білім алуға ұқсас, оқушыларға тапсырмалар жіберіледі, орындалған соң мұғалімге тексеруге жіберіп отырады.
«Қарағанды облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті» сотталғандар үшін оқу процесін ұйымдастыруға жіті назар аударып отырады, өйткені білім алу – бостандыққа шыққан соң жедел бейімделуіне эәне әлеуметтендірілуіне септігін тигізеді» - дейді Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД тәрбие бөлімі бастығының м.а. әділет майоры Ерлан Бейсекеев.
Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД