Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері бұрынғы сотталғандар-дың отбасыларына көмек көрсетті

Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері бұрынғы сотталғандар-дың отбасыларына көмек көрсетті

Қарағанды облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті пробация қызметінің қызметкерлері волонтерлермен бірлесіп бұрынғы сотталғандардың балаларын мектепке баруға жинап, дайындады.

Жаңа оқу жылының қарсаңында Қарағанды қ. Қазыбек би аудандық пробация қызметінің қызметкерлері ата-аналары бұрын заңды бұзған аз қамтылған отбасылардың балаларына қайырымдылық көмек көрету қажет деп шешті.

Сонымен қатар, «Ерікті волонтерлер қозғалысы» волонтерлері мен Қарағанды қ. демеушілері белсене қатысып,құқықтық тәртіпті қорғаушылардың бастамасын қолдады және бәрі бірігіп мектеп құралдары, кеңсе тауарлары, мектеп рюкзактары мен мектеп формаларын алып берді.

«Қызметкерлердің жұмысы тек сотталғандарды бақылау ғана емес екені белгілі, сонымен бірге бұрын заңды бұзған және жаңа өмір бастағасы келетін тұлғаларға көмек көрсетуге бағытталып отырады» дейді Қазыбек би аудандық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Дана Сартауова.

Қайырымдылық көмектің қорытындысы бойынша белсене қатысқан волонтерлерге естелікке алғыс хаттар тапсырылды.

 

Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД.