Қарағанды облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті облыстық мекемелерде жазасын өтеп жатқан сотталғандар арасында сауалнамалар жүргізіп, талдау жасады, қорытындысы бойынша түрмеде сұранысқа ие мамандықтардың рейтингін құрастырып шығарды.
Жасалған рейтингке сәйкес темір тордың арғы жағында құрылыс шеберлері құрметке ие болып, мен әрлеушілер және әрдайым қажетті дәнекерлеушілер, сылақшылар мен слесарь сантехник секілді «ерлерге тән» мамандықтар көш бастаған. Барлық мекемелерде аспаздар мен наубайшылар, шаштараздар, етікшілер мен тігіншілер секілді «практикалық» мамандар қажет болып отырады. «Қажетті және маңызды» тізімінде көкөнісшілер қала береді. Токарьлар мен қазандық жағушылар да жұмыссыз қалмайды.
Сұранысқа ие мамандықтар рейтингісі әртүрлі түзеу мекемелерінде әрқалай болуы мүмкін. Өйткені әрбір мекеменің өзінің өндірісі болады, соған қарай әртүрлі мамандықтар қажет болып отырады.
«Өндіріс учаскесіне жұмысқа орналасу алдында сотталғандар қандай да бір оқу курсынан өтуі тиіс, содан кейін ғана еңбек міндеттемелерін орындауға кіріседі. Сонымен бірге сотталғандардың еңбек нарығында алған мамандықтары да ескеріледі. Шыққан соң адамдар жұмысқа орналаса алатындай болуы керек» - дейді облыс бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары әділет полковнигі Мейрам Бекжанов.
Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД