Террористік және экстремистік қылмыстары үшін сотталғандармен әңгіме жүргізілді

Террористік және экстремистік қылмыстары үшін сотталғандармен әңгіме жүргізілді

"Қарағанды облысының конфессияаралық қатынастарды талдау және зерттеу орталығы" КММ оңалту жұмысы бөлімінің басшысы АК-159/7 мекемесінің сотталғандарымен онлайн әңгіме өткізді.

Жер шарының әртүрлі аймақтарындағы саяси шиеленістер мен қарулы қақтығыстар сөзсіз осы аумақтарда тұратын халықты радикалдандырады. Экстремистік идеялар суға тасталған тастан шеңбер ретінде біртіндеп көрші және басқа елдерге таралады. Қазақстанның геосаяси орналасуын ескере отырып, бұл проблема біздің республикамызды да айналып өткен жоқ. Уақыт өте келе радикалды ағымдар мен экстремистік көзқарастардың жекелеген адептері бас бостандығынан айыру орындарына түседі. Уәкілетті органдар осы құбылысқа қарсы күрес жөніндегі, оның ішінде қылмыстық-атқару жүйесі (ҚАЖ) мекемелерінде қажетті іс-шаралар кешенін жүргізетіні даусыз.

Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі бекітілген мемлекеттік бағдарламаға сәйкес,дерадикализация мақсатында Долинка кентінің АК-159/7 мекемесінде "Қарағанды облысының конфессияаралық қатынастарды талдау және зерттеу орталығы" КММ оңалту жұмысы бөлімінің басшысы Канаевдауреномс террористік және экстремистік қылмыстары үшін сотталған адамдармен онлайн әңгімелесу өткізді. Әңгімелесу сұрақ-жауап форматында өтті, оның барысында сотталғандар толық жауап алды. Негізінен сотталғандарды діни сипаттағы мәселелер қызықтырды.

"Бұл іс-шара сотталғандарға жағымды әсер етеді, әрі қарай осы сипаттағы әңгімелер жалғасатын болады",-деді Ақ-159/7 мекемесінің бастығы әділет полковнигі Серік Қасымов.

 

Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД.