Қарағанды облысы бойынша және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы азаматтарды онлайн қабылдауды өткізді

Қарағанды облысы бойынша және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы азаматтарды онлайн қабылдауды өткізді

Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы, әділет полковнигі Бекболат Шәкіров сотталғандардың туыстарымен және жақындарымен тікелей эфир өткізді.

           Азаматтардың сындарлы сауалдарына жедел және тиімді ден қою мақсатында, сондай-ақ «еститін мемлекет» қағидатына сәйкес онлайн қабылдаулар өткізіледі.

           Онлайн қабылдауда өңір тұрғындары өздерінің жақындарының жазасын өтеуге байланысты, сондай-ақ гуманитарлық актілерді қолдану, тұрғылықты жеріне ауыстыру мүмкіндіктері және т.б. сұрақтар қойды.

           «Қарағанды облысының аумағында ҚАЖ мекемелерінің неғұрлым көп орналасқанын ескере отырып, еліміздің әр өңірінен сотталғандар келеді, осыған байланысты әрбір жақын сотталушы жеке қабылдауына келе алмайды, осы мақсатта конструктивті диалогта өз тиімділігін көрсеткен азаматтарды онлайн қабылдау жүргізіледі.» - деп хабарлады облыс бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары әділет полковнигі Ерлан Апаханов.