
20 тамыз 2024 ж. Қарағанды облысы Долинка кентінде орналасқан «№30 Мекеме» РММ «Ашық есік күні» өткізілді. Аталған іс-шараға сотталғандардың 20 астам туыстары қатысты, олар өздерінің жақындарының жазсын өтеу жағдайларымен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды. Мекеме басшылығы мекеменің тұрғын бөлігін аралатып, клуб, стадион, асхананы көрсетті, сондай ақ оларды барлық қажетті қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етті.
- Біз осындай іс-шараларды өткізуге өте қуаныштымыз, бүгін біз қаншама жағымды сезімді көрдік және сезіндік. Туыстық байланыстарды сақтау қажет, бұл сотталғандардың түзелуіне айтарлықтай әсер етеді дейді мекеме басшысы Е.Рсалдин.
Кездесу соңында мекеме басшысы кездесуге келген туысқандардың ішіндегі қарияға, сотталғандардың өз қолдарымен жасаған сыйлығын табыс етті.