
Қызметтік қарудан практикалық және сынақтық атыс жеке құрамның қызметтік және жауынгерлік даярлығы бағдарламасының міндетті бөлігі болып табылады. Атыс басталар алдында жауынгерлік және қызметтік даярлық жөніндегі инспектор қарумен және оқ-дәрімен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау туралы нұсқаулар берді. Нұсқаудан кейін жеке құрам Макаров тапаншасымен алғашқы атыс-жаттығуды орындауға кірісті. Жыл сайынғы сынақтардың қорытындысы бойынша No34 мекеме қызметкерлері қажетті нормативтерді орындауда жоғары нәтиже көрсетті.