
"Маған Raim-нің әндері өте ұнайды, тіпті түрмеде отырғанда да мен оның шығармашылығын қадағалап отырамын. Мен Raim мен Ерке Есмаханның "никах" рәсімін өткізгені туралы жаңалықтардан білгеннен кейін, мен олардың портретін салуды шештім, мен оған пошта арқылы жібергім келеді.",- деді сотталған.
Сондай-ақ, сотталған бала кезінен сурет салғанды ұнататынын айтты, бірақ колонияда бос уақыты көбірек және мекемеде өткізілетін түрлі байқауларға қатысуға мүмкіндігі бар болғандықтан ол өз өнерін колонияда дамыта бастады. Сурет қарындашпен салынды, және суретті салуға 3 күн қажет болды.
№ 33 мекеме әкімшілігі сурет салу сотталғандардың жеке басын және шығармашылық әлеуетін дамытудың тиімді әдістерінің бірі болып табылатынын атап өтті. Осындай мақсаттар үшін мекеме аумағында қолданбалы өнер және көркемөнерпаздар секциясы бар, онда сотталған өз өнерін жетілдіре отырып, басқа сотталғандарға да үйрету мүмкіншілігі бар.