
Қарағанды облысы бойынша және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖД № 61 мекемесінде қамаудағы сотталғандардың аналары мен туыстары үшін «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.
Осылайша, 2023 жылғы 06 наурызда сотталғандардың туыстарымен әлеуметтік байланысын қолдау мақсатында «8 Наурыз» мерекесі қарсаңында №61 мекеменің шаруашылық қызмет көрсету жасағының сотталғандарының туыстары үшін "Ашық есік күні" ұйымдастырылып, өткізілді. Бұл күнді сотталғандар ғана емес, олардың аналары мен туыстары да асыға күтті.
Сондай-ақ, «Ашық есік күніне» сотталғандардың күшімен концерт дайындалып, өткізілді.
Сондай-ақ, осы күні «Халықаралық әйелдер күнін» мерекелеу құрметіне РММ «№32 мекеме» әйелдерді ұстауға арналған «Ашық есік күнін» өткізді. Аталған іс-шара «Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты Ай қоғамы»облыстық филиалының қатысуымен ұйымдастырылды.
Осы іс-шарада сотталғандар мерекелік концерт ұйымдастырды, онда «Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты Ай қоғамы» облыстық филиалы сыйлықтар табыс етті.