Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басшысы азаматтарды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.
Қарағанды облысының Абай қаласының тұрғындарымен өткен кездесуде ҚАЖК төрағасы оларды толғандыратын сұрақтарға жауап берді, сондай-ақ ішкі істер органдарының жұмысы туралы хабардар етті.
Өз сөзінде Жанат Ешмағамбетов ішкі істер министрлігі мазмұнды және сапалы өзгерістер бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.
Қылмыстық-атқару жүйесінде де жаһандық реформалар жүргізілуде.
"Қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын, сондай-ақ сотталғандардың құқықтық жағдайын жақсартуға бағытталған қолданыстағы заңнама жетілдірілуде.
Пенитенциарлық мекемелерде барлық "соқыр аймақтарды"қоспағанда, үздіксіз бейнебақылау енгізілуде.
Есепке алынатын адамдарды пробациялық бақылау әдістері жетілдірілуде, қашықтықтан бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін "электрондық білезіктер" қашықтан бақылау құралдары енгізілуде
және кез келген бұзушылықтарға жедел ден қою."- деді ҚАЖК басшысы.
Халықпен негізгі кездесуден кейін Жанат Ешмағамбетов жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірге азаматтарды жеке қабылдау өткізді, оған облыстың 6 тұрғыны жүгінді.
Сонымен қатар, жұмыс сапары барысында Комитет Төрағасы № 29 мекемеге барып, үздіксіз бейнебақылауды енгізу барысымен және басқа да бірқатар жаңалықтармен танысты.
Мекемені аралап шыққаннан кейін ҚАЖК басшысы жеке құраммен кездесіп, өңірдің үздік қызметкерлерін марапаттады.
ҚАЖД Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша