
10.11.2022 ж. сағат 10:00-де халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Қарағанды облысы бойынша және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары әділет подполковнигі Е.К.Абикеев "№ 62 мекеме" РММ бастығы әділет полковнигі Н.А.Туяковпен бірлесіп, азаматтарды қабылдады. Мекемеден алыс орналасқан елді мекендердің тұрғындары үшін қабылдау онлайн форматта жүргізілді. Осылайша, сотталған А.Антоновтың әкесі Иван Владимирович Антонов мекемеде режимдік және тәрбиелік іс-шараларды жүргізу, медициналық қызметтерді көрсету мәселелері жөнінде бейне байланыс арқылы хабарласты. Қарағанды облысы бойынша және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары әділет подполковнигі Е.К.Абикеев, "№ 62 мекеме" РММ бастығы әділет полковнигі Н.А.Туяков қойылған барлық сауалдарға түсініктеме берді.